«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекетті әлеуметтік тапсырыс аясында 2022 жылдың 30 маусым күні Маңғыстау облысының полиция департаментінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасындағы қызметкерлермен «Діни экстремизм және радикализм қаупі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Азамат Нұғманұлы жүргізді.
Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, такфир, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары берілді. Сонымен қатар мазхаб, ақида, мүжтәһид және тағы басқа діни терминдердің түсіндірмелері талқыланды.
Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізілді.
Семинар соңында құқық қорғау қызметкерлері тарапынан қойылған актуалды діни сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Шара соңында діни сауаттылық және діни радикализм қаупін ажыратуғабағытталған тест алынып, кері байланыс жасалды.