Сұрақ: Діни бірлестіктер тарапынан заңнамалар бұзылған жағдайда ол қалай реттеледі?
Жауап: Діни бірлестіктер тарапынан заңнамалар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасымен, соның ішінде 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 489 (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) және 490 (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) баптарымен реттеледі.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру осы Кодекстің 489, ал дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу, қайырымдылық қызметті жүзеге асыру; діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару және (немесе) тарату, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу, заңды діни қызметке кедергі келтіру, миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы осы Кодекстің 490 баптарымен жауапкершілікке тартылады.
Балғабек МЫРЗАЕВ
Заң алдында бәрі тең. Еліміздің аумағында қызметін жүзеге асырғандықтан, діни бірлестіктер мемлекетіміздің заңдарымен жақсы таныс деп ойлаймын.