ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының төрағасы Александр Клюшевпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар республикадағы әртүрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде А. Клюшев Министрліктің діни бостандық және конфессияаралық диалог орнату мәселелерін талқылау бойынша бірлескен іс-шараларды өткізуге көмек көрсетіп жатқанына алғысын білдірді.
Кездесу соңында Е. Нүкежанов Министрлік конфессияаралық келісім мен діни сенім бостандығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығымен одан әрі жемісті ынтымақтастық пен өзара түсіністік жалғаса беретініне сенім білдірді.
Тараптар алдағы уақытта тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.