Бүгін Маңғыстау облысының дін істері басқармасы жанындағы Діни бірлестіктер басшылары клубының 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, клубтың биылғы алғашқы отырысы өтті.
Жиынға облыстық Дін істері басқармасының басшысы М. Маханбетов және клуб мүшелері – Ақтау қаласындағы Қасиетті Иисустың Жүрегі Римдік-Католиктік Діни қауымы, «Жаңа өмір» Евангелдік Сенім Мәсіхшілерінің Сенушілер Қауымы, «Христиандық Миссиясын жаңғырту» жергілікті діни бірлестігі, «Ақтаулық Кришна санасы қоғамы» жергілікті діни бірлестігінің басшылары қатысты.
Іс-шарада 2021 жылдың 29 желтоқсан күні ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына енгізілген өзгерістер, діни бірлестіктердің 2022 жылға арналған жоспарлары, басқарманың діни бірлестіктерге жүргізетін мониторинг және биылғы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезді секілді маңызды мәселелер талқыланды.
Діни бірлестік басшылары өз ұсыныстарын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.