Қоғам қажеттілігін тудырған мамандықтардың бірі – дінтану. Елімізде бұл сала мамандарын даярлайтын бірнеше жоғарғы оқу орны бар. Солардың бірі – елордамыздағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. «Зайырлылық қағидаттарына негізделген білім жүйесіне қызығушылық танытқан талапкерлер саны артып келеді» – деген «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі Мұрат Смағұлов мамандық бойынша туындаған бірнеше сұраққа жауап берді.