Бұрын жастарымыз сапалы діни білім алу үшін шетелге шығатын. Соның салдарынан кейбір отандастарымыз шетелден теріс діни идеологияны алып келіп, елге таратты. Ал бүгінде араб тілін үйренсеңіз де, діни білім аламын десеңіз де, басқа мемлекеттерге баруға мұқтаждық жоқ. Өз еліміздің жоғары білікті мамандарынан ілім алған абзал. Мамандардың пікірі осыған саяды.