Астанада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аппарат жиналысын өткізді.
Жиналыста діни білім және кадр даярлау бөлімінің жұмысы талқыланды. Басқосуда Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен іс-шаралар жайлы Бас мүфтиге баяндап берді.
«Діни білім және кадр даярлау бөлімі – Діни басқарманың басты жұмыс бағыттарының бірі. Сондықтан бұл саладағы жобаларды тиянақты түрде жоспарға сай орындап отыру қажет. Халықтың діни сауатын арттыру, шәкірттерге сапалы діни білім беру, имамдардың біліктілігін көтеру аса маңызды болғандықтан нәтижелі жұмыс істеуге шақырамын» деді Бас мүфти.
Басқосудан соң ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.