Елордада Діни басқарманың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиынға Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолияның бас мүфтилері қатысты. Конференцияда сондай-ақ «Толық адам» ғылыми-теологиялық талдау кітабының және «Ихсан – основа духовного воспитания» кітабы көпшіліктің назарына ұсынылды. Жиын соңында мәртебелі меймандар «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.