Жақында Орал қаласында 15 жастағы оқушы қыз 22 жастағы жат ағымда жүрген жігітке тұрмысқа шығып, үйінен қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Кейін олардың некелері сол жігіттің үйінде қиылғаны белгілі болған. Дегенмен, аз уақыттың ішінде қыз қайтадан үйіне оралған.
Қоғам ішіндегі осындай келеңсіздіктерге байланысты белгілі дінтанушы Абдуссамад Махат KAZISLAM порталына өз пікірін білдірді.
Ол жастар арасындағы некелесіп, кейін ажырасып кету жағдайларының бірнеше себебін атап көрсетті.
– Атап айтар болсақ, неке, отбасын құру мәселесіне немқұрайлы қарау, араға ата-ананың араласуы, әлеуметтік жағдай т.с.с. Сол себептердің ішінде дінді жамылып, шариғатты бұрмалап некелесу жайында да айта кеткен жөн.
Бұл жағдай көбінесе бүгінгі күні діни сауаты жоқ, мәзһабсыздық жолын ұстанған жастарға тән. Мысалы, танысқан жас қызбен ешкімге айтпай некеге тұру. Жасырын некелесу шариғатқа қайшы. Яғни, қыздың некелескенін ата-анасы, жақын-туыстарының білмеуі, яғни қыздың уәлиінің болмауы дұрыс емес, – дейді ол.
Дінтанушының айтуынша, уәли – әйел затының қамқоршысы, сұраушысы. Уәли мұсылман, ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған еркек және ол әділ болуы керек.
– Уәли болуға ең лайық адам – әке. Ол жоқ болса, шариғат көрсеткен тәртіп бойынша, әулеттің басқа еркектері бола алады. Мысалы, әкенің әкесі (атасы), ата-анасының бір бауыры т.с.с. Басты мәселе – уәли еркек болуы тиіс.
Негізінде уәлисіз неке дұрыс болмайды. Бірақ бүгінгі күні осы мәселені ескергісі келмейтіндер пайда болған немесе оның мәнісін түсіне бермейді. Анығын айтқанда, ол – қыздың қамқоршысы, сұраушысы. Міне, осы жағдай қыздың барған жерінде қорланбауына, зұлымдыққа ұшырамауына септігін тигізеді, – Абдуссамад мырза.
Оның айтуынша, қазіргі кезде сәләфилік ағымды ұстанған жастардың арасында уәлисіз некелесу үрдісі кеңінен тараған. Яғни, үйленгісі келген жігіт өзіне ұнаған, орамал таққан жас қызға келіп сөз салады.
– Ол «Пайғамбарымыздың: «Бір мұсылман екінші мұсылманды жақсы көрсе, ол жайында оған айтсын», – деген сөзін негізге алып қызға: «Мен сізді ұнатып қалдым», – деп, некелесуді ұсынады. Әрине, саналы, діни білімі бар қыз мұндай жағдайда: «Ойпырмай, мұнысы несі?!» – деген ойға келеді. Расында да, өмірінде бірінші рет көріп тұрған біреу үйленеміз деп тұрса, осылай демегенде не дейді?!
Өкінішке қарай, дін жолындағы қыздар көбіне келісуге дайын екендерін білдіреді. Сөйтіп, көп дегенде екі-үш күннің ішінде екі жас некесін қияды, әрі бұл жайында жігіт жақ та, қыз жақ та хабарсыз қалатыны анық.
Мұндай некенің көбі ұзаққа бармайды. Қысқа мерзім ішінде жігіт қыздан айнып, көңілі толмайтынын білдіріп, онымен ажырасып жатады.
Неге дейсіз бе?
Өйткені қыздың сұраушысы жоқ. Қыз бен жігіттің некелесетінін екі жақтың ата-анасы мен туыстары білсе, үйлену ата-баба дәстүрімен, шариғат жолымен, құдалықпен жүзеге асырылса, жігіт те қызды пайдаланып, тастап кетпес еді.
Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ