Сұрақ: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің форумына кімдер қатыса алады?
Жауап: Бұл форум халықаралық деңгейдегі жиын болғандықтан оған бір жыл бұрын арнайы дайындық жасалады. Форумнан бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі жанында Хатшылығы жұмыс жасайды. Хатшылық мәжілісінде форумға қатысатын құрметті қонақтар мен қатысушылардың тізімі қаралып, мақұлдаудан өтеді.
Бұл тізімнің қатарында Ислам, Христиан, Иудаизм, Буддизм мен Индуизм, Даосизм өкілдерімен қатар, сөзі салмақты, саясатта беделі жоғары ел басшыларының (президент, премьер министрлер мен министрлер сияқты т.б.), сыйлы қонақтардың есімдері көрсетіледі.
Мысалы биылғы съезге 50-ге тарта елден 100-ден аса делегация қатысады деп күтілуде. Бұлардың қатарынада БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері болмақ.
Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Сауд Арабиясы, Пәкістан кейін Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ елдерінен өкілдер, Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы, Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы мен белгілі дін тұлғалары шақылырды.
Сонымен қатар Рим Папасы Францискпен бірге орыс православиелік, англикандық, константинопольдегі православиелік, румындық православие және армян апостолдық шіркеу, Бүкіләлемдік лютерандық федерация өкілдері қатыспақ.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ