Қазақстан рухани дипломатияның үздік көрінісіне айналған, әр үш жыл сайын Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайын. Ұйымдастырушылар дінаралық және өркениетаралық диалогты қалыптастыруда маңызды алаң саналатын бұл форумның мәні жоғары екенін атап өтті. VII съездің биылғы тақырыбы «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі» деп аталады.