Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде терроризм, діни экстремизм баптары бойынша сотталғандар баршылық. Дін жолында адасқандармен мекеме теологтары қарқынды жұмыс атқаруда. Сондай іс-шаралардың бірі ретінде мекеменің АКАӘПТЖБ-нің инспектор теологы, әділет аға лейтенанты Темірбек Сәулет экстремизм-терроризм бабы бойынша сотталған азаматтарға арнайы маманмен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – сотталғандардың теріс ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу.
Шараға Ақниет АНОО-ның Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Каюпов Ислам Маратұлы келді. Кездесу барысында Ислам Маратұлы сотталғандарды жеке қабылдап, «Діндегі мәзхаб ұғымы» тақырыбында әңгімелесті. Әңгіме негізінде сотталғандарға Ханафи мәзхаб жөнінде, соның ішінде намаз оқудың дәлелдерін келтіре отырып терең, жан-жақты қамтылған түсініктеме берді.
Осы тақырып аясында кәсіби маманнан мол мағлұмат алған сотталғандар жақсы әсерде қалды. Тек мұнымен ғана шектелмей, сотталғандардың сұрақтарына жауап беріп, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
– Бүгін тергеу изоляторында оқшауланған аймақта ұсталынып отырған сотталғандарымен жеке жұмыс жасалынды. Оларға мұсылмандар арасында намазға қатысты жиі талқыға түсіп жүрген мәселе Ханафи мазхабында намаз оқудың дәлелдері мен ұстанымдары жөнінде айтылды. Әңгіме барысында түрлі хадистерді негізге ала отырып, Әбу Ханифа мәзхабы, ата-бабамыздың мұсылмандар арасында намазға қатысты жиі талқыға түсіп жүрген мәселелерге орай Ханафи мазхабының дәлелдері мен ұстанымдарын негізге ала отырып түсіндірме жұмысын жүргіздім, – деді маман.