Сұрақ: Дінде тамаққа деген ашкөздікке қатысты не айтылған?
Жауап: Бұл сұраққа қазақ «Қарны ашқанға тамақ салдырма, тоңғанға ошақ жақтырма» деп ертеректе жауап берген. Аш адам ашкөздікке салынып тамақты көп салады. Кейін салған немесе қолына ұстаған тамағын тауыса алмай әлекке түседі, ысырып қылады. Әсіресе, сапарға шаққан уақытта (қажылық барысында) кейбір азаматтар қонақүйде алдындағы түрлі тағамды көріп, ашкөздікпен көптеп алып алады да кейін оны тастап кетуге мәжбүр. Дініміз бұлай ысырап етуден қайтарған. Ысырапшылдық – Алла жақсы көрмейтін іс.
Жәбәл ибн Сухайм мынадай оқиғаны баяндайды: «Ибн Зубайрмен бірге жорыққа шыққан жылы қатты ашаршылық болды. Бізге тамақ орнына құрма таратылды. Құрманы жеп жатқанымызда Абдулла ибн Омар қасымыздан өтіп бара жатып: «Құрманы қос-қостап жемеңдер. Өйткені, пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге құрманы қос-қостап жеуімізді шектеді» деп айтты».
Демек, мұсылман адам асты асықпай, аптықпай, ашкөздікке салынбай жейді. Бір қасық тамақты жақсылап шайнағаннан кейін келесі тағамды жеу әдептен болып табылады.
Жалғас САНДЫБАЕВ