Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады.
Онда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңға деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін жазу тәртібін нақтылау көзделіп отыр.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға діни іс-шараларды өткізу мен жергілікті діни бірлестіктерді құру тәртібін оңайлататын түзету енгізіледі.