Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың идеологиялық принциптерін түсіндіру бойынша ақпараттық-талдамалық жұмыс 2019 жылы мамыр айында да жүйелі көптеген материалдар жарияланды.
Ағымды жылдың мамыр айында мемлекеттік саясаттың идеологиялық принциптерін түсіндіру ақпараттық-талдамалық жұмыс бағытында «Kazislam» порталына 80 астам жаңалық, 8 мақала, 5 сұхбат, 4 сұрақ-жауап және дінтанушы бұрышында 3 ақпарат жарияланды. Ал жалпы алғанда мамыр айында портал редакторлары 500 астам ақпараттық-аналитикалық материалдарды орналастырды (377 жаңалықтар материалы, 21 сұхбат, 68 мақала, 17 ғибрат, 32 сұрақ-жауап, 5 кітап, 5 видео, инфографикалар және басқа материалдар).
Мақалалардың тізімінде «Діни тұрақтылық – басты ұстаным», «Главный санврач дал советы на Рамазан», «Ұлы Жібек жолы: «Рухани карта» нені қамтиды?» «ІІ Дүниежүзілік соғыс және мұсылмандар» және т.б. танымдық-дискуссялық мақалалар жарық көрді.
Бірқатар мақалалар қоғамдағы проблемаларды көрсетіп, мемлекет саясатына халықты бейтарап қарамауға шықырды және жаңа мәліметтер келтірді. Мысалы дінтанушы Асылбек Снадиннің – «Ел боламыз десек, түрмемізді түзейік» деген мақаласы.
Сұхбаттар туралы айта кетсек, исламтанушы ғалым Мұхан Исаханның – «Қазақтың дәстүрлі зайырлығын жаңғырту керек» деген сұхбаты, саясаттанушы Мейрам Иманбаевтың – «Әлемде діни мәселелерге ортақ әмбебап шешім жоқ» атты сұхбат, Жамбыл облысы «Дін істері басқармасының» басшысы Жангелді Омардан – «Биыл жамбылдық 62 азамат қоғамға бейімделді» деген алынған сұхбаттары порталға жарияланды.
Сонымен қатар бір ғана «Қазақтың дәстүрлі зайырлығын жаңғырту керек» сұхбаты 1189 рет оқылыпты, оның себебі дінтанушы маман, Phd доктор – Мұхан Исахан еліміздегі зайырлылықтын тарихын, конституциялық нормалармен қоса ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын түсіндіріп, шет елдерінің тәжірибесін, азаматтардың дүниетанымдық еркіндігі туралы ашық және пайдалы мәліметтер жарияланды.
Сонымен қатар, сайтта 2019 жылы 7-9 мамыр айында «Жусан – 2/3» деп аталған гуманитарлық эвакуация жөнінде, Сириядан біздің азаматтарымызды ҰҚК және ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесіп жасаған халықаралық іс-қимылдар туралы толық мәліметтер берілді.
Жалпы мамыр айында «Kazislam» порталына дін саласындағы мемлекеттік саясаттың идеологиялық принциптерін түсіндіру ақпараттық-талдамалық жұмыс бағытында жарияланған ақпараттық материалдар редакцияланып жүйелі түрде жарияланды.
Келешекте осы бағытта жазылатын мақалалар саны көбейетіне сенеміз. Мемлекеттің дін саласындағы саясатын, сонымен қатар әлемдік тәжрибені көрсетуге редакция ұжымы күшін салады.
Жалпы қорытындыда, мамыр айында аталмыш порталға 35 мыңнан астам оқырмандар кіріп, көптеген мақалалармен танысты, оның ішінде дін саласындағы мемлекеттік саясаттың идеологиялық принциптер туралы ерекше айтуға болады.