ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде, жалпы қазақ қоғамындағы жетекші наным-сенім бағыты Ислам діні болды. Сол тұстағы ұлт зиялыларының да көтерген өзекті мәселелерінің қатарында дін саласы бар еді. Алаш көсемдерінің ұлттың тарихын, салт-санасын, дәстүрі мен дінін қатар ұстауға үндеген жазбалары қазақ қоғамын ағартуда руханиятты ұмыт қалдыруға болмайтынын аңғартатындай.