ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен Қостанай өңірінде дін қызметкерлері баспаналы болды.
Өткен аптада облыстың бас имамы Бектұрсын Уәлиев пен «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Бақытжан Икрамұлы жиналған жамағаттың алдында облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің дін қызметкерлері Абзал Бейсекеев, Марат Әбділдин және Нұрлан Сейдағалиевтерге «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 778, 779, 780-пәтерлердің кілтін табыс етті. Имамдарға берілген тұрғын үйлер Қостанай қаласының «Әуежай» шағын ауданында орналасқан.
Айта кетейік, Қостанай өңірінде осы күнге дейін 40-тан астам отбасыға пәтер кілті тапсырылып, қоныс тойын тойлады.