Ислам құндылықтарымен біте қайнасқан қазақ халқының салт-дәстүрлері ұлтты ұйыстырып, халықты ынтымағымен баурап келеді. Өзара сабақтасып, үндесе білген дін мен дәстүр бүгінде егіз ұғымға айналып отыр. Кешегі бабаларымыз қалыптастырған ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен біте қайнасып жатқандығы байқалады.