Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен Назарбаев университетінде мазмұнды лекция өтті. «Әлемнің тұрақты дамуындағы діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің рөлі» деп аталған лекцияда Университет студенттері мен оқытушылар құрамы дінаралық және мәдениетаралық қарым-қатынастың маңыздылығы туралы ақпарат алды. Лекторлар «Сомайя Видьявихар» институтының конфессияаралық қарым-қатынас және өзара түсіністік бағдарламасының Хатшысы Рудракша Сакрикар (Үндістан) және Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің дінаралық қатынастар бойынша Хатшысы Илья Кашицын (Ресей).
Лекцияда дін және адам құқығы – діни нанымдардың халықаралық құқықтық нормаларға әсер, діни лидерлердің рухани дипломатия арқылы халықаралық диалог пен жаһандық мәселелерге қосатын үлесі, халықаралық қақтығыстар және діннің рөлі – халықаралық қатынастарға әсері және оларды шешу, исламдық құқықтық нормалар мен әлемдік құқықтық стандарттар арасындағы өзара әрекеттестік тақырыптары қамтылды.