Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен «Дін – халықтың рухани негізі» атты іс-шаралар іске асырылуда. Басты мақсат – тыйым салынған экстремистік ұйымдарға қатысқаны үшін жауапкершілікті түсіндіру, жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру. Көшпелі топтың құрамы прокуратура және арнайы теолог өкілдерінен тұрады.
Прокуратура кестеде көрсетілген іс-шараларға халықты белсенді қатысуға шақырады.