«Дін дегеніміз не?» деген сұрақтың жауабын іздегенде, санамызда сол діннің тұтынушысының діни әдептілігі мен мәдениеті бірінші ескеріледі. Сондай-ақ, діни әдептілік пен мәдениетте кемел бір адамның бейнесін негізге ала отырып, дін өкілдерінен талап етіледі. Сонымен қатар біз діндар адамдардан, әдепті әрі мәдениетті болады деп күтеміз.
Алайда біз бұл әдептілікке қатысты ұғымдарды «адамгершілік» дейтін болсақ, адамгершілік – барлық адамда болуы тиіс қасиеттердің бірі. Кейде бір адамға ашуланғанда немесе ренжігенде «адам емес екен» немесе «адамгершілікке жатпайтын қылық қой» деп айтқанда, оның сыртқы келбетіне, ақыл-ой қабілетіне немесе басқа да іс-қимылына емес, оның әдептілігі мен мәдениеттілігіне қарай баға беріп жатамыз. Өйткені, адамгершілік ұғымы идеал адамның бейнесімен үйлесімді әрі байланысты болғаны үшін солай есептейміз.
Философтардың «Адам – ойлау қабілеті бар жаратылыс» деген анықтамасы «Адам – адамгершілігі бар болмыс» деген форманы білдіреді. И.Кант: «Мен екі нәрсеге қайран қаламын: адамдағы идеал мен көктегі тәртіп» дегенде, ол біздің әдептілігіміз бен әлемнің тәртібі арасындағы байланысты көрсеткісі келді. Сол себептен де, адамгершілік кейде қол жеткізгіміз келетін идеал, кейде адамгершілікті басқалардан күтеміз, сондай-ақ кейде бұл біздің ұстанымымызға қайшы болып жатады. Сондықтан, діндарлардан адамгершілік қасиеттерінің үстем болуын талап етеміз.
Егер бұл адам әдепті, тәрбиелі әрі адамгершілігі болмаса, оның қоғамға діндарлығынан не пайда? Алайда, бұлай дейтін болсақ келесідей проблемамен бетпе-бет келуіміз мүмкін. Дін мен адамгершілік арасындағы қарым-қатынаста осындай ережеге қол жеткізгенде, біз діннің не екенін түсінбейміз.
Феридуддин Аттар Хасан Басриден осыған қатысты мынадай оқиғаны баяндайды:
Хасан Басри ауруы асқынып өлім төсегінде жақтан Заратуштра дінін ұстанатын көршісінің үйіне зиярат етіп барғанда, «Мен сенің мұсылман болуыңа үміттенемін» – дейді. Бұл көршісі діндер тарихы туралы білімі мол, ақылды және парасатты адам болған. Ал, Хасан Басри ең болмағанда соңғы демі қалғанша мұсылман болсын деген мақсатпен, бұл парасатты адамды ислам дінін қабылдауға шақырады. Сондай көршісі бірнеше сөйлеммен, діни адамдарда туындауы мүмкін бірнеше қайшылықтар жайында айтып, мұсылман болмауының себебі туралы былай деп сұрайды: «Болуым мүмкін, алайда, сіз мұсылмандар бұл өмірді жалған дейсіз, бірақ өмір сүру үшін күресесіңдер» – дейді.
Мүмкін бұл барлық дін ұстанушылар үшін айтылған сын шығар, алайда тек мұсылмандар үшін ғана айтылмаған. Мұсылман болсын болмасын, бұл дүниеге өмір сүріп жатқан әрбір адам өзіне тиесілі үлесін алады. Шын мәнінде, пендені нәпақасымен сынау күмән тудырады: Мұндай сынның адамгершілік тұрғысынан айтылуы сирек, бәлкім кездесер бәлкім жоқ та шығар. Біз адамдар менмендік пен ашкөздігіміздің әсерінен, өзімізге тиесілі нәпақамызға тоймай, басқаларымен ұрыс-керіспен келіспей жатамыз.
Жалған әрі үш күндік дүниеде пендешілікпен жасаған опасыздықтар, әдепсіздік пен мәдениетсіздіктен емес, ашкөздік пен жемқорлықтан деп білем. Бұл сұрақтың астарында өз дінінің өкілдерінен көре алмаған Заратуштра, мұсылмандардан күткені, түсінікті жағдай!
Екінші сұрағы Алланың разылығына қатысты. «Сіз мұсылмандар, бәрін Алла разылығы үшін жасаймын деп айтасыз, бірақ ешқашан оны қолданбайсыңдар» – деді Заратуштра.
«Алланың разылығы» термині ниеттің дұрыстығын білдіру үшін пайда болған сөз. Бұл сөз дінді кез-келген нәрседен бөлетін маңызды аспект. Осы мақсатта кейде «Алланың рахметі», «Алланың қалауы», кейде тек «Алла үшін» деген терминдер қолданылады. Құран Кәрімде дінді тек Құдайға ғана тән ету мақсатында айтылған сөздерден. Хасан Басридің көршісі мұсылмандарды екіжүзді және байыпты емес деп, оларды бұл пікірлерінде де сынайды.
«Ақыретке сенеміз дейсіңдер. Алайда, дайындық жасамайсыңдар» деп үшінші сұрағын сұрайды. Сонда Хасан Басри: Сұрақтарыңның үшеуін де бір арнаға бағыттар болсақ, иман еткен мұсылмандарда тұрақты әдептілік қалыптастырған жоқ. Мұсылмандар бір ұлттан, бір нәсілден әрі бір мәдениеттен шыққан адамдар болмағаны үшін, барлығын бірдей пайымдау мүмкін емес. Мұсылман болу үшін «иман ету» жеткілікті. Ал амалымыз – дініміздің бұйрықтары. Мәдениетсіз немесе адамгершілігі жоқ адамды мұсылман емес дей алмаймыз, тек иманы әлсіз мұсылман дей аламыз.
Мәдениеттілік, адамгершілік және кең пейілділік иманның жемісі екенін көрсете білу – мұсылмандардың міндеті.
Кім не айтса да, пікірлер мен сенімнің ең үлкен дәлелі, сол дінге сенетін адамдар болып саналады.
Адам мен оның сенетін діні арасында қайшылық болған кезде, сенімге деген құрмет азаяды.
Дін ұстанушылардың бойынан кейде байқалған қайшы іс-әрекеттері – олардың негізгі сындары. Сын кейде дінді қорғайтын деңгейден асып, діндар адамдардан бас тартуға мәжбүр боламыз. Хасан Басри бұл тәсілді қолданбайды. Шын мәнінде, Хасан мұсылман қауымына бағыт бере алатын тәжірибесі мен білімі бар адам.
Ислам мәдениет тарихында қаншама сын-пікірлер айтылған. Әсіресе білімді түсіну, дәстүрге айналған дінді ұстанымға қатысты сындар айтылған. Осындай мәселелерді ескерер болсақ, Хасан бұл сындарға таң қалды деп айта алмаймыз. Өйткені Хасан Басри, біздің назарымызды мұсылман қауымдастығының басты қасиетіне аудара отырып, қай уақытта қайда қарау керектігін көрсетті. Хасан Басри мұндай сындар алдындағы ұстанымы «Ия, сен дұрыс айтасың» – дейді және «Бұл сындар рас! Бірақ олар Құдіретті Аллаға ешкімді ортақ етпейді, Оған сенеді және Оған ғибадат етеді» – деп жауап беретін.
Хасан Басри біздің назарымызды аударған мәселе, Құдайға сену және оны танудың жеке және әлеуметтік моральдық (адамгершілік/мәдениеттілік) құндылықтарының басымдылығын түсінбестен діннің не екенін түсіну мүмкін емес. Бір адамға мәдениетсіз, тәрбиесіз, адамгершілігі жоқ деп айтуымыз мүмкін. Алайда, имансыз деп айтуымызға тиым салынған.
Қорыта айтар болсақ, діни әдептілік, діни мәдениет және діни тәрбие дегеніміз жергілікті халықтың түсінігіне сай құбылмалы тәсіл. Басқа елде немесе ұлтта қоғамымызда әдепсіз болған бір әрекет, оларда басқа мағынада қолдануы әбден мүмкін. Міне, сондықтан да әдептілік пен мәдениет жергілікті халықтың санасындағы түсінікке байланысты.
Исатай Бердалиев
Ислам құқық ғылымдарының докторы