Дін – ең біріншіден көркем мінезділік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл әлемге не үшін жіберілді? Көркім мінезділікті кемеліне жеткізу үшін. Сондықтан әрбір мұсылман баласы бойына ізгілікті сіңіре отырып, қоғамда айналасында мейір-шапағатын шаша білуі керек. Басқа адамдар оның мінез-құлқынақарап Исламды таниды.