Ислам діні ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды байланыстыра білген. Яғни, діннің діңгегі дәстүрмен берік. Жақсылықтың жаршысы болып жүрген Сейітқали ақсақал «теріс ағымның ықпалына түскен жастар тамырын, тарихын, мәдениетін таныса адаспайды» – деп отыр.