Дін атынан сөйлеу аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алла Тағала бұны қатаң ескерткен. Дін жайлы сөз қозғаған адам, сол саланың маманы болса пендені екі дүниеде бақытқа кенелтеді, ал шала сауатты болса, адамдардың адасуына себепші болады. Сондықтан елімізде Ислам дінін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының насихаттауы құпталған.