Жазда асқазан қыстағыдай жылдам жұмыс істей алмайды. Сол себепті тамақты қорыту үшін көп уақыт жұмсайды. Диелогтардың сөзінше, қуырылған тағам, май жағылған нан, ет және ірімшік асқазанда ауырлық сезімін туындатып, асқазан-ішек жолдары ауруларының қатерін жоғарылатады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Диетолог Ольга Мун MIR24.TV телеарнасына берген сұхбатында жаз кезінде шектеуді қажет ететін азық-түліктерді атады.
Жазда адамдар көп терлейді. Ал ащы азық-түліктер терлеуді күшейтеді. Бұдан бөлек консервілер мен маринадталған азық-түлікте тұз мөлшерінің көп болуы салдарынан қан қысымы көтеріліп, адам ісініп кетеді, – деді диетолог.
Маман айтып өткендей, жазда көп қарны ашпайтындықтан, адамдарда тәтті-дәмдіні жей салу әдеті пайда бола бастайды.
Онда қант мөлшері жоғары екенін ескерген жөн. Салдарынан тіс аурулары пайда болып, диабет туындауы мүмкін, – деп ескертті Мун.
Сондай-ақ жазда адам ағзасы алкогольдік ішімдіктерді тез сеңіреді. Бұл ретте адам ішімдікті артық мөлшерде ішіп, асыра сілтеп жіберуі ықтимал.Жалпы алкогольдің диуретикалық қасиеті басым. Яғни, ішімдік ішкенде ағзадан судың шығарылуы қарқынды жүріп, су тапшылығы орнайды, – деді маман.
Ресей Жаратылыстану академиясының биологиялық ғылымдар бойынша кеңесшісі, диетолог Асбийрон Расени қуырылған ет және майлы тұздықтар оңайлықпен қорытылмайтынын ескертіп, жазда бұндай тағамдарды шектеген дұрыс екенін айтты.
Әсіресе ыстық ауа райында олар оңайлықпен қорытылмай, асқазанды біраз әбігерге салады. Ал нан, бәліш, паста тәрізді ұннан жасалған өнімдер асқазанда ауырлық сезімін туындатып қана қоймай, адамды қалжыратып жібереді, – деді ол.
Тіпті жазда адамдардың сүйіп жейтін балмұздағының да адам ағзасына тигізер өзіндік қаупі бар екен. Мәселен, кілегейлі балмұздақ құрамындағы майлы кілегей мен өсімдік майларының есебінен тәтті десерттердің ішіндегі ең калориялысы саналады.\Бұл ретте протеиндіктердің калориялығы аздау екенін айтып өткім келеді. Себебі құрамында қосымша ақуыз бар. Түрлі жемістен не шербеттен жасалған балмұздаққа таңдау жасаған дұрыс. Олар көбінесе су мен жеміс езбесінен жасалады. Жазда адам денесін жылыту үшін қосымша калория жұмсамайтынын ескерсек, тез салмақ жинап алуыңыз ықтимал, – деп түсіндірді диетолог.
Бұдан бөлек мамандар жазда тез бұзылатын тағамдардан, толық қуырылмаған еттен бас тартқан жөн дейді.
Оларды тұтыну сальмонелла, ішек таяқшасы тәрізді бактериалдық инфекциялардың жұқтыру қаупін арттырады. Майонез қосылған салаттарды жеген кезде абай болуы керек. Себебі олар жазда тез бұзылады. Сонымен қатар жазда моллюскілерді тұтыну қауіпті. Мәселен устрица және мидиялар қоршаған ортасынан зиянды бактериялар мен токсиндерді өз бойына жинақтайды, – деп қорытты дәрігер.