«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекетті әлеуметтік тапсырыс аясында «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 15 шілде күні Ақтау қаласының жастарымен Жасыл ел жасағының қызметкерлерімен «Деструктивті уағызшылар жайлы» атты тақырыпта ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Ақпараттық түсіндіру жұмысын АТТ мүшелері, Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы КММ Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау бөлімінің мамандары теолог маман Абдырханов Өмірбек Мухамбетұлы мен дінтанушы маман Газимов Нұрлан Қалдыбайұлы жүргізді.
Қатысушылар арасында көкейкесті сұрақтар қоылып, мамандар тарапынан тұшымды жауап берілді.
Сонымен қатар жастар арасында әртүрлі діни жанжалдың алдын алу бағытында әдіс-тәсілдер беріліп, туындауы мүмкін діни мәселелерді ымыра, келісім және татулық арқылы шешу жолдары айтылды.