Сұрақ: Деструктивті діни ағымдағы адамдарда қандай белгілер болады?
Жауап: Қателесіп өзге діни ағымға бет бұрған адамдардың қайтадан еркіндікке оралуы – күрделі мәселе. Олардың санасында қорқыныш, психологиялық жәбір көру, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға дейінгі әрекеттерге бейім болады. Теологиялық, психологиялық оңалтуға дейін өзін басқа қоғамның адамы ретінде сезінеді.
Бойында мынадай проблемалар байқалады: сана-сезімінің бұзылуы, депрессияда болуы, шешім қабылдауға деген тәуелділігі, өз еркімен өмірін бақылаудан айырылуы, стресстен көңіл күйдің бұзылуы, психологиялық дамудың кешеуілдеуі, әзіл-қалжыңға деген сезімді жоғалтуы, діни құндылықтардан басқа ешкіммен достық қарым-қатынас болмауы, ұйықысының бұзылуы, оқшауланып жүруі. т.б.
Діни ұйымдардың ықпалынан шығару, оларға жан-жақты көмек беру, жалған діни өмірден дәстүрлі танымға жеткізу үшін психолог-теолог мамандардың қызметіне жүгінгеніміз абзал.
Икрам АЙТАЕВ