Ислам, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабы – қазақстандықтардың дәстүрлі діни жолы. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты ұстанымы мен бағыты, бағдары мен шығаратұғын пәтуалары да Әбу Ханифа мәзһабына негізделері сөзсіз. Әбу Ханифа мәзһабын қоса алғанда төрт мәзһаб та «діннің мақсаты не?» деген сұраққа (Имам Шатыби) былай деп жауап берген: Діннің мақсатын үшке бөліп қарастырады. Зәру болғандар, қажетті болғандар, жақсы көрінгендер деген. Ислам дінінің ең басты зәру болғандарға жан, дін, ұрпақ, намыс, ақыл және мүлікті қорғау ең басты міндет деп жауап берген. Яғни, ислам ғалымдары діннің негізгі мақсаттарын нақты әрі түсінікті етіп жазып қалдырған. Осы қағидаларға теріс болған ұстанымдар талассыз жат пиғылды адамдардың амалы дей аламыз. Сонымен қатар, жеке мүддені көздейтін, бір ұйымның пайдасына немесе діннің мақсаттарына сай келмейтін малдарды талап етушілер де деструктивті діни ағым өкілінің қатарына жатқыза аламыз.
Діннің деструктивті бағытын біліп немесе білмей ұстанушылардың ортақ көзқарастары мен амалдары, мақсаттары мен міндеттері және олардың қоғам арасындағы ұстанымдары жайлы қысқа да нұсқа тоқталатын боламыз.
- Діннің ғұламаларын мойындамайды: «Құран мен хадисті мен де ғалымдар сияқты оқи аламын, маған олардың сөзі маңызды емес» дейді.
- Мәзһабты мойындамайды: «Мәзһаб деген – бидғат! Мен тек Пайғамбардың жолымен жүремін деп өзін сахаба дәрежесінде ұстайды.
- Жихатқа шақырады: Ислам дінінде жиһад басқа амалдар сияқты парыз етілген, жихат деген шайқас қай жерде шайқас болса, сол жерге баруды өздеріне міндеттейді. Жан қауіпсіздігін мүлдем ойламайды.
- Ұлтты мойындамайды: Біз мұсылманбыз және жер бетіндегі барлық мұсылмандар бауыр. Ұлтына қарай бөліп (өзбексің, татарсың, орыссың деп) айтуға өз арасында тиым салады.
- Ұрпақ деген түсінік жоқ: Өйткені бұндай азаматтар көп некеге бейім болады. Ажырасулар мен үйленуге жеңіл қарайды. Ажырасқан жарымен кеткен балаларын бөтен көреді және көмек қолын созбайды.
- Туысқа деген құрметі жоқ: Туыстарымен араласуға намыстанады және қарым-қатынас құрмайды.
- Сыртқы көрініске көп мән береді: Сақалды және сақалдың ұзындығын, орамал және никаптың бар жоғы. Сақалдарын қысқартпайды және оның ұзындығы (жәннаттың) дәрежесіндей көруі.
- Діни терминдерді көп қолдануы: Ислам дінінде қасиетті (Субһаналлаһ, ағузу биллаһ, астахфируллах) деген сөздерді сөйлемнің арасына көп қосып сөйлейді.
- Қол жайып дұға жасамайды: Аллаға қол жайып дұға жасау бидғат деп біледі.
- Марқұмға Құран бағыштамайды: Бақилық болған туыстарына Құран оқып дұға бағыштамайды.
- Мәйітті түнде жерлейді: Марқұм болғандарды сол мезетте жерлеу қажет деп біледі.
- Мәзһабты мойындамайды: Ислам дінінің негізі Құран және Хадис, сол себептен біз тек құран мен хадистен ғана дінді үйренуіміз керек дейді. Құран Кәрімнің және Пайғамбарымыздың хадистерінің не мақсатта айтылғанын, не үшін және қашан айтқанын, астарлы мағынасы қандай, кімге айтты, т.б сөздерді түсінбейді және түсінгісі де келмейді. Сөзбе-сөз ұғынады.
- Мемлекеттің шығарған заңын мойындамайды: Үкім тек Алладан ғана беріледі, оның сыртындағы үкімдерге бойынсұну харам деп біледі.
- Діни үкім шығаруға бейім: Кез келген мәселеде өздерін білімді деп көрсетіп, харам, халал деген сияқты үкімді сол мезетте береді.
- Кәпір деп айыптау: Кәпір деп айыптаудың артында қоғаммен қарым-қатынасты үзу және сол кәпір деген адамның мал-мүлкін тартып алу көзделеді.
- Мемлекет басшысын мойындамайды: Мемлекет басшысы шариғатты толық ұстану керек, ұстанбаған жағдайда мойындау харам деп біледі.
- Арап тілді уағызшыларды ғана мойындайды: Қазақ халқының дәстүрі мен тарихын, мәдениеті мен түсінігін білетін қазақтан шыққан уағызшыларды тыңдамайды және мойындамайды.
- Діни ұстанымда ақылды мойындамайды: Діни үкімдер мен амалдарда ақылдың орны жоқ деп біледі. Діни үкімдерде тек нақыл ғана деген ұстанымда.
- Әскерге баруды міндет деп санамайды: Елді сыртқы және ішкі жаулардан қорғауды міндет санамайды.
- Білім де тек шариғатпен шектеледі: Білім тек шариғатпен ғана шектелген, дүниелік білімдерді қажетсіз деп біледі.
- Қазақ тілін мойындамайды: Ақыретте арап тілінде сөйлесеміз, сөл себепті біз арап тілін білу ғана міндетті деген тар түсінікте.
- Суретке түспейді: Суретке түсу бидғат деген ұстанымда.
- Балаларын оның ішінде қыздарын мектепте оқытуға құштары жоқ: Мектепке барғанша медресеге барып құран жаттауды артық көреді.
- Көп амалға «бидғат» деген көзбен қарайды: Дүниелік болсын, діни болсын, көптеген іс-әрекеттерді бидғат деген кінә тағады.
- Мемлекеттік қызметкерлер кәпір деп біледі: Мемлекеттік қызметтен түбегейлі бастартады және осыған үгіттейді.
- Араб атын қояды: Балаларына және қыздарына, өзінің азан шақырып қойған есімдерін араб есімдерімен алмастырады.
- Ашулы болады: Намаз оқымайды деп білген адамдарға ашулы және бұл ашуын сөйлесу барысында тәкаппарлықпен көрсетеді. Төмен санап, тозақтық надандар деген сенімде.
- Шаштарын ұзын етіп өсіруге тырысады: Пайғамбарымыздың шашы ұзын болған және бізгеде шашымызды ұзарту міндет деп біледі.
- Тойға бармайды: Туыстар арасында болатын тойларға бармайды.
- Мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды тойламайды: Тек діни мейрамдарды ғана мойындап қалғандарын атап өту харам деп біледі. Туылған күн, жаңа жыл, наурыз және желтоқсан, тәуелсіздік сынды мерекелердің тойлануы бидғат деп біледі.
Исатай БЕРДАЛИЕВ