Сұрақ: Деструктивті діни ағым деген не?
Жауап: «Деструктивті секта» термині ХХ ғасырдың басынан бастап АҚШ, Ұлыбританияда жастарды «зомби» болуға тәрбиелеген, өз отбасынан алшақтаған, қоғамда өшпенділік туғызған «жаңа діни ағым» лидерлеріне қатысты қолданыла бастаған.
Деструктивті культ немесе деструктивті секта ағылшынша destructivecult – «өлтіруші секта» деген мағына береді. «Деструктив» терминін әлеуметтанушылар, психологтар, криминалистер, публицистер жиі қолданады. «Деструктив» – ұғымы қоғамға, отбасына материалдық, психологиялық және дене жарақатын жеткізген діни ағымдарға, секта лидерлеріне қатысты қолданады.
Ал дінтанушылар деструктивті культ терминін өзін «жаңа діни ағым» немесе «бұрынғы аталардың құлшылық жолын жалғастырушымыз» деп санайтын құдайға жақындаудың өзгеше әдісін қолданатын, өз шәкірттерін қоғамнан оқшау ұстайтын, оларды «қасиетті адам – культке табынатын» секталарға қатысты айтады.
Деструктивті секталар яки культтер адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені, жалған шаһидтікке тәрбиелеп лаң салғаны және дүние-мүлкін соған жұмсағаны үшін айыпталып жатады. Адамдардың «санасын басқаратын», «миларын шаю» секілді манипулятивтік әдіснаманы қолданады. Мұндай мән-жайлар анықталса 102 сенім немес т.б. сенім нөмерлеріне хабарласқаныңыз абзал!
Икрам АЙТАЕВ