Псевдоуағызшылар діни сауаты жоқ жерлесіміздің санасына улы уағыздың дәнін екті. Аз уақытта заң мен дәстүрді мойындамайтын хәлге жеткізді. Достан дұшпан жасап, тарихи жадын балталап, дегендеріне көнетін құл етті. «Ақиқат тек бізде» деген догмамен бүлікшілерді мінсіз санап, Отанын тәрк еткен жігіттің хикаясы.
Деструктивті және экстремистік топтар тарапынан жүргізіліп отырған кең көлемді насихат жұмыстарының мақсаты ортақ – әрбір шаңырақта өшпендiлiк пен алауыздық отын тұтату және қоғамдағы ауызбіршілікті жою, сол арқылы мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiріп, елдің конституциялық құрылысы мен аумағының тұтастығын бұзу.
Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс-әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді.Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Деструктивті діни ағымдағылар ең бірінші адамның ең жанды жерін біліп алатыны белгілі. Саған өз бауырңнанда жақын адам болып, бірте бірте қалай соларға қосылып кеткеніңді білмей каласын. Сол үшін діни сауаттылықты арттыруымыз керек.
Деструктивті діни ағым өкілдері мұндай қадамдарды алдын-ала ойластырып қылмысқа барады. Бұл адамды басқарып отырғандардың көздегендері ұлттық арандатушылық пен халықтың көзінде қорқыныш ұялату. Сол арқылы өздерінің күшті екендерін дәлелдемек болса керек. Бір адамды құрықтау жеткіліксіз, ағымды басқарушыларды ұстау керек сияқты. Әйтпесе, мұндай жағдайлар қоғамда жиі орын алады.
«Деструктив» деген сөзге талдау жасасақ, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік деген мағыналарды береді. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзып, НЛП яғни нейро-линвиствкалық бағдарламалау тәсілін, басқа да психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зиянын тигізетін ағымдар. Оларға мүше болған адамдар әлеуметтік ортадан оқшауланып, сол діни топтың уағызшыларына көзсіз бағынатын болады. Және де қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, өнер мен мәдениетті жоятын қоғамға қауіпті ұйым. Деструктивті ағымдарда жасырын психологиялық зорлық-зомбылық қолданылады. Барлық деструктивті діни ағымдардың түпкілікті максаты – адамдарды бағындыру арқылы заңсыз байлық пен билікке кол жеткізу.