Радикалдық идеологияның кез келген түрі қоғам үшін аса қауіпті. Ол ұлтаралық, дінаралық араздықты тудырып, бірлік пен ынтымаққа зиян келтіреді. Діни радикализм дертін жұқтырып, қоғамнан бөлінген азаматтарды оңалтуға психолог, педагог, құқық қорғау органдары мен теологтар жұмылдырылған. Бұл бағыттағы мамандарды дайындауда жоғарғы оқу орындары жүйелі жұмыс атқаруда.