Сұрақ: Деобандизм қандай ағым?
Жауап: Деобандизм – британдықтар мұсылман қоғамын реформалау мақсатында ашқан, Үндістанның Деобанд жерінде 1867 жылы «Дарул Улум» оқу орнында пайда болған Ханафи бағытындағы сунниттік мағынадағы Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни бағыт.
Деобандизм Үндістанда, Пәкістанда, Бангаладеште және Ауғанстанда, сондай-ақ Оңтүстік Африка мен Ұлыбританияның мұсылман халқы арасында кең таралған. Қазақстанда да деобандизм идеяларын таратушы азаматтар бар. Сыртқы көріністері «Таблиғи жамағат» ұйымының жақтаушыларының сыртқы келбетіне сәйкес келеді. ҚМДБ-ның пәтуаларын қабылдамайды.
Қоғамға қауіптілігі фундаменталистік пайымдары мен басқа дін өкілдеріне төзбеушілік ұстанымдарын құпия ұстайды. Зайырлылық таным мен қазақи құндылықтарды мойындамайды. Мұндай ұстанымдардың салдары дінараздық алауыздыққа соқтырады. Шетелдік шейхтарға емес, отандық ғалымдарға жүгінген абзал!
Икрам АЙТАЕВ