Сұрақ: Денеме дирхам көлеміндей зәр тиген жағдайда, саусағымды суға малып, сол жерді сүртіп жіберсем, нәжістен тазарған болып санала ма?
Жауап: Нәжіс – арабтың «лас», «кір», «таза емес» деген мағыналарын білдіреді. Шариғат түсінігінде таза емес заттар. Тазалықтың маңыздылығы жайлы пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерінде: «Тазалық – иманның жартысы», «Алла тазалықты жақсы көреді» деген.
«Ислам ғылымхалы» еңбегінде намазға кедергі жасайтын нәжістерді ауыр және жеңіл деп көрсеткен. Алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде немесе намаз оқылатын жерде болса, намазға кедергі жасайды. Жеңіл нәжіс дененің немесе киімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
Ауыр ластық нәжіс:
– Адамның кіші, үлкен дәреті, уәди, мәни, мәзи, ауыз толы құсық, денеден шыққан қандар, хайыз, нифас, истихаза қандары.
-Тауық, қаз, үйректің саңғырықтары.
– Еті жеуге болмайтын хайуандардың тезектері мен лас сулары, сілекейлері және барлық жан-жануарлардың қандары.
– Ішімдік киімге, денеге жұқса, тазалау қажет
-Арам өлген мал.
Жеңіл ластық нәжіс:
–Ханафи мәзһабының ғалымдары Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша етін жеуге болатын қой, ешкі, жылқы секілді жануарлардың тезектері, лас сулары жеңіл нәжіс;
– Етін жеуге болмайтын бүркіт, сауысқан секілді әуеде ұшқан құстардың саңғырақтары.
Адамның киіміне немесе денесіне көлемі дирхам (100 теңгенің өлшеміндей) тиынындай не одан да аз мөлшердегі жиіркенішті нәжіс жұқса мәкруһке санап намазды тазарғаннан кейін оқыған абзал. Егер нәжіс көзге көрініп тұратын болса, таза сумен не суға ұқсас сірке суы, гүлдің суы сияқты таза сұйықпен жуып тазалауға болады. Ал егер көзге көрінбейтін зәр, ластанған су сияқты болса жуған абзал.
Икрам АЙТАЕВ