Денеге ине батырып, тесілген жерлерге бояу төгу арқылы жасалатын татуировка деген ең ескі кезеңнен бері надандардың қолданылып келе жатқан әдеттеріне жатады.
Бұл денсаулыққа зиян болумен қатар дінімізде де тиым салынған. Яғни назар аударту, әдемірек көріну мақсатымен жаратылысынан берілген сұлулығын өзгерткені үшін Ислам діні түбегейлі қарсы болған (Ниса, 4 /119 ).
Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) сәндену мақсатынмен денеге тату жасату, тістерін майдалатып, сирету секілді амалдарды жаратылысын өзгерту, болмысын бұзу ұғымында қарастырған және оны іске асырғандарды, сонымен қатар жасауға себепші болғандарды Алланың мейрімінен алыс болатындығын белдірген. (Бухари, Либас, 83-87; Мүслим, Либас, 33).
Сондықтан тату жасау дұрыс емес.
Адам денесіндегі жабайы көркемөнер. Сурет салатын нәрсе көп қой. Адамға салып та, салдыртып та қажет емес.