Сұрақ: Дәстүрлі Ислам деген не?
Жауап: Дәстүр (лат. traditio – сабақтастық) – әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойы адамдар атадан балаға қалдыратын, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі. Ислам сөзі араб сөздігі «салима», «юслиму», «ислам» яғни бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады.
Дәстүрлі ислам деп ұлт болмысымен байланысып, ел мәдениетінің бойындағы құндылықтарды сақтап, өрісін кеңейтіп отырған, елдің дәстүрі мен тарихының тәжірибелері (тағылымы) арқылы ұрпақ тарапынан қорғалып, сақталып келген дінді айтмыз.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек. Радикалды неофиттар халқымыздың салтында жоқ киім үлгілері арқылы да жат діни идеалдарды қоғамға таңуға тырысып жүр. Бұл біздің дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл екені анық. Біз бабаларымыздың сан мыңжылдық діни ілімі мен рухани бағдарына арқа сүйеуіміз керек. Еліміздің рухани дербестігін сақтап, оны нығайта түсеміз десек, түркі халықтарының көпшілігінің, соның ішінде қазақтардың дәстүрлі діні – сүнниттік бағыттағы ханафи мәзһабына ден қоюымыз қажет», деген ғибратты сөзі дәлел бола алады. Ислам атын жамылған діни ағымдардан сақ болған абзал.
Икрам АЙТАЕВ