Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады. Қазақ топырағына 12 ғасыр бұрын Исламның шуағы келгелі дін мен дәстүр бір-бірімен сабақтасып, қатар дамып келеді. Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжановтың айтуынша, Ислам діні ешбір ұлтты басқа ұлтқа айналдырмайды. Ол кез келген ұлтты өзінің ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтауға шақырады.