«Дезинформациямен күресудің бір жолы ретінде аудиторияны жалған мен шын ақпараттың аражігін ажыратуға үйрету, медиа сауаттылық ұғымын ұлғайту дұрыс деп санаймыз. Арнайы медиа мектептерін ашу – біздің тікелей міндетіміз. Жуырда «Масс медиа» туралы заң жобасына біршама жаңашылдықтар болады. Ақпаратқа қол жеткізу, журналистердің мәртебесін көтеру, кәсіби құзыретін көтеру секілді біршама өзгерістер көзделіп отыр», – деді Дархан Қыдырәлі Astana Media Week-2022 апталығының салтанатты ашылу шарасында.
«Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Л. Танысбайдың модераторлығымен өткен «Жаңа дәуір – жаңа медиа» пленарлық сессиясына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі, Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі А. Мақсұтов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек, Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры А. Панина қатысты.