Таяуда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің жамағаты мен шәкірттері «Darhan Dala» жобасы аясында ағартушы-ұстаз, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай оның есімі берілген Қостанай облыстық мемориалдық мұражайда болды.
Жамағат біртуар тұлғаның мағыналы өмір жолы, халқына сіңірген ерекше еңбегімен жан-жақты танысты. Көп жайды көңілдеріне түйді. Мол мағлұматтар алды.
Жұртшылыққа биыл ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толатыны белгілі. Осы айтулы мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек. Мешіт жамағаты мемориалдық мұражайдан кейін шаһардағы ұлт ұстазының ескерткішіне тағзым етті.
Осылайша қазақ елінің жарқын болашағына адал қызмет етуге бүкіл саналы ғұмырын арнаған бабаларымызға құрмет көрсету арқылы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ұйымдастырушылардың басты мақсаты екенін айта кеткен жөн.