1. Дәрет алу үшін белгіленген мүшелердің толық жуылуы. Жуылуға бұйырылған мүшенің ине ұшындай жеріне су тимей қалуы дәреттің дұрыстығын жояды. Тек қана сол мүшелерде су тигізуге болмайтын жара сеілді нәрселер болса ғана сол жерге су тигізбестен, айналасын жуу жеткілікті болады.
2.Дәрет алу үшін белгіленген мүшелерге жабысып қалған қамыр, тырнаққа жағылған лак және балауыз (воск) секілді су өткізбейтін затты дәрет алардан бұрын дене мүшелерінен толық кетіру шарт. Қолды жуғанда тар сақинаны айналдырып қозғау шарт.
3. Дәрет алып жатқанда немесе дәрет алып болғанда дәретті бұзатын нәрсенің пайда болмауы қажет.
4. Дене мүшелерін сулы қолмен сипалап емес, үстіне су құйып жуу шарт.
Көріп отырғанымыздай, дәрет дұрыс болуы үшін дәрет мүшелерін сулы нәрсемен сүрту жеткіліксіз, олар толықтай сумен жуылуы қажет.