Ал, дәрет алғаннан кейін боянуға және сонымен намазға оқуға болады. Бірақ, ол үшін боянатын заттардың құрамында нәжістер болмауы қажет. Себебі, денеге жағылған сұйық нәжіс көлемі жағынан алақан уысының ішіндей, құрғақ нәжіс 3,5 гр салмағындай болса намаздың дұрыстығына кедергі болады. Ал, нәжістерге арақ және сол тектес барлық ішімдіктер, доңыз, қан, зәр, жыныстық мүшелерден шығатын басқа да сұйықтықтар т.б. секілді ластықтар жатады. Егер, құрамында осындай ластықтар, харам нәрселер болса, онда мұндай бояу, опа-далаптар жағылған күйде намаз оқуға болмайды.
Сәлеметсіз бе Сурагым келген 5уакыт намазда бет жумай окуга болама .әйел адам бойанамыз,быр жағынан беттім катты кургап кетті. Баска жерлерды жуып бет жумаса болама
Сәлеметсіз бе! Дәреттің төрт парызы бар:
1) Бетті бір рет жуу;
2) Қолдарды шынтақпен қоса бір рет жуу;
3) Бастың төрттен біріне мәсих тарту;
4) Аяқтарды тобықпен қоса отырып бір рет жуу.
Осылардың біреуі істелмесе, дәрет дұрыс болмайды. Дәрет болмағасын, намаз оқу дұрыс емес.