Күндердің күнінде екі жұптың арасында жан-жал шығып, күйеуі әйелін ұрып жібереді. Сонда әйелі:
–Мен барып сен үшін арызданамын, – дейді.
–Мен саған үйден шығуға рұқсат бермеймін,- деп долданып күйеуі есікті, терезелерді жауып қояды да:
–Енді не істейсің? Ұялы телефоның да менде, дейді. Сол сәтте әйелі әжетханаға кіріп, біраз уақыттан кейін дәрет алып шығып күйеуіне:
–Мен терезесі жоқ, ұялы телефон қажет болмайтын есігі мәңгі ашық Раббыма сен туралы шағымданамын, – деп жайнамазды алып ұзақ уақыт құлшылық қылады. Намаз оқып болғасын күйеуі келіп:
–Сен расымен де мен туралы Алла Тағалаға шағымдандың ба? – дейді. Сонда әйелі:
–Мен намаз бастаған уақытта-ақ ашуым тарап кеткен. Мен Алладан шайтаннан сақтауды және Оған екеуміздің арамызға түспеуді сұрадым. Бұл болған жанжалға шайтан кінәлі, сондықтан, соған шағымдандым, – деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы