ДАИШ-ке қызмет еткені үшін Елнарға айы сайын 50 доллар төленген. Бұл онымен бірге Сирияға кеткен туыстарының өмірінің бағасы, деп жазады informburo.kz.
Елнар Өзбеков — Сириядан қолында кісенмен оралғандардың бірі. Ол ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тыйым салынған) террористік тобына қатысқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын өтеп жатыр және террористік топтың жақтаушысы ретінде жоғалтқан сүйікті адамдарын өкінішпен еске алады.
Елнар бүкіл отбасын жалдаған өгей әкесін кінәлайды. Оқиға 2006 жылы, Елнардың анасы тұрмысқа шыққан кезден басталды. Ол бүкіл отбасына мешітке баруға тыйым салған, Елнардың анасын, әпкесін және әйелін хиджаб киюге мәжбүр еткен және көп ұзамай барлығын Сирияға кетуге көндірген.
«ДАИШ -ке келген кезде біздің төлқұжаттарымызды жыртып тастады, бізді соғысқа екі адам дайындай бастады. Күніне 3-4 оқу оқитынбыз. Кешке өлгеннен кейінгі өмір туралы, жәннәттағы хор қыздары туралы, жұмақ бақтарындағы мәңгілік өмір туралы әңгіме айтатын. Олардың айтуынша, соған қол жеткізу үшін адам дайындалып жатқан соғыста өлуі керек еді», — деп Елнар еске алады.
ДАИШ -те қызмет еткені үшін Елнарға айына 50 доллар төленді. Бұл ол Сирияға келген барлық туыстарының өмірінің құны болды.
«Соңғы жылдары араб тілін, мәдениеті мен дәстүрін білмейтін кейбір қазақстандықтар күрделі діни ұғымдарды әр түрлі түсіндіре бастады. Мұны ислам туралы қарапайым білімі жоқ адамдардың психикасына әсер етуге тырысатын экстремистік топтардың жақтастары қолданады. Оларды жалдау қиынға соқпайды», — дейді «Ақниет» оңалту орталығының теологы Дастан Ұзақбаев.
Елнар Өзбековтың тағдыры — соның дәлелі. Ол лаңкестердің жалдауға оңай көңіп, олардың белсенді қолдаушыларының бірі болды, ақырында өзінің қателескенін түсінді. Ұйымдасқан лаңкестік топтың мүшесі болғанын түсінген соң, ол қашуға шешім қабылдады. Бірақ ол ұсталып қалды. Олар тыңшылық жасады деп айыпталып, оны атып тастамақ болған. Ол басқа екі жақтаушылардың куәлігі арқылы ғана тірі қалды.
Елнар төрт жылдық соғыстан кейін Сириядан Қазақстанға қайтарылды. Оның жалғыз ұлы ғана тірі қалды, оны қазір екінші әйелі тәрбиелеп отыр. Елнардың өзі басқа адамдардың қаны мен көз жасы арқылы жұмаққа апаратын жол жоқ екенін бұрыннан түсінген. Ол үнемі оңалту сабақтарына қатысады.«Бұл ер азамат қателесті, бірақ ол оны түсінді. Енді ол дұрыс жолға түскісі келеді. Шынында, ол бізден басқа ешкімге керек емес. Біз оны қайта тәрбиелеп, өмірден өз орнын табуға көмектесуіміз керек. Сириядағы қандастарымызды құтқару арқылы біз бүкіл әлемге халқымыздың мықты рухын көрсеттік. Енді біз мұны бауырларымыздың қалыпты, дұрыс өмірге оралуына көмектесу арқылы дәлелдеуіміз керек», — дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.