Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік округтік әскери соты Дағыстанның тумасы Асхаб Османовты Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ)* террористік ұйымына қатысқаны үшін қатаң режимдегі колонияда 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Сотталушы 2021 жылдың 15 маусымында Қалмақияда болған кезде тыйым салынған халықаралық «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының қызметіне қатысып, телефонына ИМ ХТҰ –на өз еркімен кіру туралы антын жазып алған. Жазбаны сол күні ИМ басшысына жіберу үшін мобильді қосымша арқылы басқа тұлғаға жібгені анықталды», — деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.
Османов Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.5-бабының 2-бөлігі («Террористік ұйымның қызметін ұйымдастыру және мұндай ұйымның қызметіне қатысу») бойынша кінәлі деп танылып осы үкім және Астраханның Киров аудандық сотының 21 жылғы 2021 қазандағы үкімі бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы алғашқы екі жыл алты ай түрмеде отырып, 11 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған тараптар Әскери апелляциялық сотқа шағымдана алады.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым