Дағыстанда жергілікті мұсылмандар Газа секторы тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін 90 млн рубльдан аса қаражат (1 млн доллар) жинады. Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликов айтты.
“Таяу Шығыста басталған қақтығыстардың алғашқы күндерінен бері біздің халқымыз қантөгістің тоқтауы үшін дұға тілеп жатыр. Алайда әрбір дағыстандық тек дұғамен емес, материалдық жағынан да көмек көрсетуде” деп жазды ол.