Адамдар тек қана қолынан келетін ісінен ғана жауапты. Себебі дініміз адамға күші жетпеген жүкті жүктемеген. Ауыруды берген де, жауапкершілігі жүктеген де Алла Тағала. Сондықтан адамның күші неге жетсе соны атқаруға міндетті. (Хаж, 22/78; Фәтих , 48/17).
Алла Тағала Құран Кәрімде: “Алла бір адамды тек күші жететін нәрсемен ғана жауапты қылады” (Бақара, 2/286) деп бұйырған.
Бұл қағида ғибадаттардың орындалуы тұрғысынан да айтылыр тұр. Мысалыға есі жоқ адамға намаз парыз емес.
Осыған орай дәрет алуға күші жетпейтін және өзіне көмек беретін де ешкімі болмаған адам тәяммум алып намазын өтейді.
Алайда аяқ қолы сау болса да, лас жерде қамалып, таза су мен таза топырақ қолдана алмай отырған, немесе ауыр науқас болып жатқан адам өздігімен тұрып дәрет немесе тәяммум ала аламағандығы секілді жәрдем ететін адам таба алмаса, Әбу Ханифа бойынша намаздарын оқымайды.
Бұл адам кейіннен жағдайы болғанда немесе айыққанда өтей алмаған намаздарының қазасын өтейді.
Имам Мұхаммед және Әбу Юсуф бойынша осы жағдайдағы адам дәреті болмаса да, мүмкіншілігі болса уақытты сайлағанынан намаз оқып жатқандардың қимылын қайталайды, кейіннен айыққанда қазасын өтейді. Әбу Ханифаның осы көзқарасқа қосылатыдығы рияуат етілуде. (Хаскефи, әд-Дуррил Мухтар, «Рәддул-Мүхтар иле бирликте, Мысыр 1966, I, 252-253»).
Одан бөлек қолы аяғы болмағандықтан дәрет алуға қауқары болмаған және көмек қолын созатын ешкімі болмаған адам болса, қолынан келгенше тәяммум алып намазын оқиды. Егер де бетіде бір жара немесе үзірі бар адам дәрет ала алмағаны секілді тәяммум де ала алмайтын болса, бұл адамға дәретте тәяммум де алмаса болады. Өзін дәреті бар ретінде есептеп, намазын оқи береді. Мұндай намаздарды кейіннен қазасын өтеудің қажеті жоқ. (Ибн Нужейм, Бахрур-Райк, Бейрут 148,151, Ибн-Абидин, Рәддул-Мүхтар 1423/2003, I, 185, 423).
Біле жүретін мәселе екен. Рақмет сіздерге!