Күндердің бір күнінде белгілі ғалым Ибрахим Адһамнан бір кісі келіп сұрапты:
– Алла Тағала Құранда: «Менен сұраңдар, беремін», деп айтып, қалағанымызды сұрап дұға жасасақ қабыл болмайды?, деген екен.
Сонда Ибрахим Адһам:
– Дұғамыздың жауапсыз қалуының 5 түрлі себебі бар.
Біз Алланы танып білдік, бірақ, оның ақысын (міндеттелген парыз амалдарды) орындамадық.
Біз Құран оқыдық, бірақ, оның мазмұнына сай әрекет жасамадық.
Біз Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды жақсы көрдік, бірақ, оның қалдырған сүннетін тәрк еттік.
Біз Ібілісті қарғадық, даттадық, бірақ, бәрібір оның дегенімен жүреміз
Біз өз бойымыздағы кемшілікке мән беруден қалдық, керісінше өзгенің кемшілігін түзеуге әрекет жасаймыз. Ендеше мұндай мұсылманның дұғасы қалай қабыл болмақ?, деген екен.
Жалғас Асхатұлы