COVID-19 індеті немесе коронавирус. Менің көзқарасым бойынша, «сасық шұңқыр» іспеттес бір жағы көрінетін, екінші бір жағы көрінбейтін адамзат тарихына төнген қауіп.
Қазақстанда 2020 жылы 10 наурызда ҚР Бас санитарлық дәрігерінің ресми жариялауымен коронавирус індеті елімізде айқындалды. Ал, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны «Әлемдік пандемия» деп жариялады.
Алайда, айтпағым бұлар емес. Мен өзімнің жеке көзқарасым және рухани құндылығым туралы әңгімелеу үшін қолыма қалам алуды жөн көрдім. Сонымен қатар, ғасырда бір-ақ рет болатын апат Covid-19 туралы пікірімді бөлісу азаматтық борышым деп білдім.
Өмірдің ағымы және біз бастан кешкен оқиғалар туралы көзқарасым сәл өзгеше екенін де айта кеткеніміз дұрыс деп санаймын.
Менің ойымша, басымыздан өткен оқиғалар біздің біліп немесе білмей жасаған таңдауыздың нәтижесі болуы әбден мүмкін. Себебі біз қандай екендігімізге таңдауларымыз арқылы лайық екенімізді көрсетеміз. Басқаша айтқанда, бұл исламдық мағынадағы тағдырымызға мойынсұну. Сондықтан мен оқиғалардың тікелей өзіне ғана емес, шымылдықтың артында болып жатқан оқиғаларға назар аударудың маңыздылығына тоқталуды жөн көрдім.
Ара-қашықтық: Адамдар арасындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында ара-қашықтықтың маңыздылығын үйретті. Алайда неке қию орындары мен тойханалар, мейрамханалар мен мешіттер сияқты қоғамдық орындардың жабылуына себеп болды. Ислам әлемі үшін әсіресе Қағбаның жабылуы қаншалықты маңызды екенін айтудың қажеті жоқ та шығар.
Карантин – үй қамағы немесе қала арасындағы шектеулер: Әлеуметтік оқшаулануға және үйден шықпау, коменданттық сағат сынды оқиғалардың нәтижесінде егемен еліміздің халық үшін шырылдағанын көрдік.
Масканы қолдану: Біріншіден, бұл ғалымдар үшін пайдасыз болғанына қарамастан, маска тағу қажет және міндетке айналды. Бұл жалпыға бірдей ереже болып заңға еңгізілді.
Қолды жуу және гигиеналық ережелер: Вирус алғаш жайылған кезде бүкіл әлемде қолды қалай жуу керектігі және сабынды қолданудың маңыздылығы туралы арнайы сабақтар өтті. Бұл да қоғамдық жерлерде қолды дезинфекциялау құралдарын сақтау және гигиеналық ережелерді үнемі еске түсіру.
Тек туыстарымен ғана жерлеу рәсімі: Covid-19 ауруынан қайтыс болғандарды жерлеу рәсіміне тек ет южақын туыстары ғана қатысуға шақырылды. Осылайша туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын үйретті.
Қашықтықтан оқыту және үйде отырып жұмыс істеу: Коронавирус тарала бастаған күннен бастап жабылған мектептерде оқушылардың білімі үзілмеуі үшін қашықтықтан оқыту енгізілді. Сол сияқты, компьютер немесе телефон арқылы үйде жұмыс істей алатынымызды үйретті.
Интернеттегі бейне және чат қосымшаларының өсуі: әлеуметтік оқшаулану және ара-қашықтық бүгінгі байланыс тәсілін тез өзгертті және онлайн-ортаға ауысты. Zoom, көп адамға арналған бейнекездесу қосымшасы интернеттің жаңа өсіп келе жатқан жұлдызына айналды.
Google (Meet) және Facebook (Rooms) сияқты ірі компаниялар бірден тартылды. Әрине, Youtube және Netflix сияқты онлайн фильмдер /сериалдар/ видео тасқынды сайттар да үйде отырғандардың бірінші таңдауы. Интернеттегі трафиктің плюс болғаны соншалық, сайттар бейнелерді ағынмен тасымалдау кезінде олардың ажыратымдылығы төмендетуге мәжбүр болды.
Интернеттегі сауда сайттарының дәрежесінің өсуі: Қажеттілік немесе эпидемия үй қамағын тыңдамады. Адамдар сауда орталықтарына бара алмаса да, интернет-сайттар арқылы қажеттілігін өтей алды. Интернетте жедел азық-түлік қосымшалары арқылы күнделікті азық-түлік сатып алулар да көптеп тіркелді.
Акциялардың құлдырауы: Әсіресе, алғашқы күндері доллардың көтерілуі, апта соңында көшеге шығуға тыйым салынуымен кейбір заттардың бағасының күрт өсуі мен мемлекеттің экономикасының әлсіреуі сынды келеңсіз оқиғалар орын алып, көптеген адамдар шығынға да батты.
Мүмкіндік/тым қымбат бағалар: Әрқашан бағасы бір қалыпты болғанымен, коронавирус эпидемиясында кей заттардың бағасының қолжетімсіз болуы. Қиын қыстау уақытта қоғамның руханиятының тым әлсіз екені осыдан білінді. Маска және дезинфекциялаушы заттар сияқты халықтың денсаулығына қатысты кейбір дәрі-дәрмектердің бағасы 30-40 есеге өсіп кеткеніне сенгіміз келмеді.
Covid-19 жаһандық эпидемияға айлануы: Бұл тұмау эпидемиясының маңызды бөлшектерінің бірі ғана. Бұл дінге, тілге, нәсілге, әлеуметтік жағдайға, бай мен кедейге қарамастан әлемдегі барлық адамдарға әсер етті. Бұған өлім коэффициенті жоғары екенін қосайық, әсіресе 60 жастан асқан адамдарда.
Бұлардан алар сабағымыз не болуы керек, соларға да тоқтала кетейік:
Егер біз бұл ауруды және өлімді көргенге дейін аузымызды немесе қолымызды тазартқандай жүрегімізді де таза ұстасақ, бұл біздің басымызға келмес пе еді…
Өмірдің мәнін білмей немесе жалған сөзге сенгеніміз соншалықты Құдайды ұмыттырар дүниеқоңыздық қасиетіміз арттырылды. Үй қамағында бір сәт отырып ойлануымызға негіз болды.
Жанұялық және туыстық байланыстарды бұздық, осыдан Алла адамдардың арасындағы қашықтықты арттырып, тіпті туыстарымыздың жаназасына баруға да шектеу қойылып, рұқсат берілмеді.
Ұлттар мен ұлыстар, діндарлар мен дінсіздер, жастар мен кәрілер, ерлер мен әйелдер баршасы қиындықтарға тап болды, өйткені олар өзінің өміріне разы болмады және жаратылысына сай болмағандарға ұқсағысы келді.
Әлемдегі ең қасиетті болған Қағба, мешіт және басқа да діни ошақтар жабылды. Жаратқанның бұл өмірдегі қасиетті мекендердінің жабылғанындай, ақыреттегі қасиетті мекендердің де жабылатынын білдірген сыңайлы.
Әлемде мұсылмандардың саны 2 миллиардқа жуық болса да, мешіттерге баратындар аз болатын. Ал енді қанша барғысы келсе де, ешкім бара алмайды. Өйткені барлық елде мешітер белгілі бір мерзім жабық болды.
Осындай апаттар мен өлімдерге қарамастан, көпшілігіміз екі дүниемізге пайдасыз істерден бас тарта алмадық. Алла бізді оппортунистермен жеке күресуімізде жеке қалдырды. Осылайша қажетсіз және шамадан тыс шығындармен болашақта үлкен қаржылық қиындықтарға апарар негіз дайындадық.
Біздің кейбір қажетсіз тауарларға шабуыл жасауымыз және жинақтауымыз кейбір өнімдердің бағасының өсуіне немесе жеке меншіктегі активтердің құнының төмендеуіне әкелді. Осылайша жақын болашақта олардың бізге қажет болған кезде қаншалықты пайдасыз болғанын көретін боламыз.
Соңғы екі жылдың ішінде бүкіл әлемде орын алған экономикалық теңгерімсіздік пен қиындықтар пандемияның әсерінен күшейе түсті. Нәтижесінде көптеген компаниялар жұмысын тоқтатты, көптеген адамдар жұмыссыз қалды және кейбір халықтар аштықтың алдында тұр.
Бір кездері біз, Африкада ашаршылықтан өліп жатқан адамдардың тағдырын теледидарлардан, газеттерден немесе деректі фильмдерден көріп, қайғырып күрсінген шығармыз. Біз бұған лайықпыз ба деп сұрамаңыз, біз осы өмірмен көп нәрсеге лайық екенімізге күмәнданбаймын, өйткені біз молшылықта және бүлікпен өмір сүріп жатырмыз.
Мұсылман ретінде біз үшін бірінші кезекте дүние мүлік керек пе, әлде иман ба, соны шешуіміз керек. Мен дүниелік істен түбегейлі күдер үз деп айтпаймын, бірақ біз өзімізге ең қажетті басымдықтарымызды жақсы белгілеуіміз керек. Алла жаратқан пендесіне зұлымдық жасамайды. Тәубенің есігі әрқашан ашық және біз оны бағалауымыз керек.
Бұрынғы апатта болғанындай, бізге аздап болса да зияны тиді, уақыты келгенде өтіп кетеді де бұрынғы өмірімізге қайтамыз деп ойлаймыз. Бұл ойымыздың жүзеге асуын ұзақ күтеміз. Өйткені бұл вирус көктемде қайта пайда болып, екінші толқын алдыңғысына қарағанда қауіпті болуы мүмкін. Бұл қиындықтан құтқарудың бір ғана рецепті бар, ол да тәубеге келу және әділ істер жасау.
Бұл жерде айтқанымның бәрі менің жеке пікірім ғана. Басымызға түскен қиындықтан сабақ алу пенделік міндетіміз емес пе?!
Ең дұрысын Алла ғана біледі. Бізді жоқтан бар етіп жаратқан Раббым маған, менің отбасыма және барлық мұсылмандарға, еліме қиын күндерді ең аз шығынмен және жақсы бағытта өткізуге мүмкіндік берсін. Алла оқып отырған сенің есіміңді ұмыттырмасын. Әмин.
Исатай БЕРДАЛИЕВ,
Ислам Құқық ғылымдарының докторы