Могадишода Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ғимараты орналасқан алаңға террор шабуылы жасалды,деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Сомали бас қаласы Могадишодағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ғимараты орналасқан алаңға террор шабуылы жасалды.
Сомали Мемлекеттік телеарнасының (SNTV) хабарына қарағанда, БҰҰ кеңселерімен қатар Еуроодақ пен Африка Одағы кеңселері орналасқан Халане қалашығының кірістерінің біріне шабуыл жасалды.
Хабарда жоғары деңгейде қорғалған қалашыққа шабуыл жасағандар топқа қауіпсіздік күштерінің тойтарыс бергені атап көрсетілді.
Полиция әзірге шабуылға қатысты мәлімдеме жасамады.
БАҚ-та жарияланған көріністерде шабуыл жасалған алаңнан түтін көтерілгені байқалады.
Аш-Шабаб террор ұйымы өткен жылы да оқу қалашығына минометпен шабуылдаған болатын