COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясынан кейін әлем күрделі өзгерісті күтуде, деп санайды БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінің басшысы Татьяна Валовая. Ол бұл туралы Гайдар форумындағы “Пандемия және интеграция: дамуға қауіп төндіруші ме әлде ынталандырушы ма?” тақырыбындағы пікірсайыс барысында айтты.
“Пандемиядан кейін әлем бұрынғы күйіне оралады деп ешкім сенбейді, бұл қазірдің өзінде мүмкін емес”, — деді ол.
Ол пандемия басталмай тұрып-ақ әлем өзгеріске түсе бастағанын атап өтті.
“Бұл қарапайым деңгейдің өзгеруі ғана емес, бірнеше ғасырда бір рет болатын өзгерістер. Әлем қазір осы трансформациялық дәуірде өмір сүріп жатыр. Пандемия, бір жағынан, бұл процессті жеделдетті, екінші жағынан, жаңа әлеуметтік-экономикалық формацияның сын-тегеуріндері мен өлшемдерін бөліп көрсетті”, — деп түсіндірді Валовая.
Сонымен бірге, ол әлемнің жаңа бет-келбеті қандай болатыны әлі белгісіз екенін айтты.
Ал Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерреш өз кезегінде қақтығыстар, климаттың өзгеруі және коронавирус Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен гуманитарлық қиындықтқа себепші болды деп мәлімдеді.