Сұрақ: Бұрын өртеніп, қайта салынған үйде тұруға болады ма?
Жауап: Қазақ халқы үшін шаңырақтың орны да, маңызы да айрықша. Екі жас қосылып отау құрса, «шаңырақ көтерді» деп айтады. Мұның мағынасы бөлек үй көтерді, отау иесі болды деген сөз. Егер отбасынан құт-береке қашса «шыңырағы шайқалыпты» дейді.
Демек шаңырақ – құтты орын, берекелі мекен. Сол үшін Құдай Тағала «Нахл» сүресінің 80-аятында: «Алла сендерге үйлеріңді тұрақ қылды» деп хабар берген. Құдай шаршаса демалатын, сағынса мауқымын басатын, рухани күш алатын мекен еткен. Тіпті Меккедегі қасиетті Қағбаны да «байтулла» Алланың үйі деп атайды.
Дініміз өртеніп қайта салынған үйде тұруға тыйым салмайды. Бастысы, үйде адамның өміріне қауіп төндіретін жағдайдың болмауы шарт. Егер ол үйде адамның ойына немесе есіне түсетін қайғылы оқиға яки бір қасірет орын алған болса, онда әрине адамның бұл жағдайды ұмытуға әрекет жасағаны мақұл. Қалай болғанда да ол үйде қайта тұру немесе тұрмау адамның өз қалауы мен ықтиярында.
Жалғас САНДЫБАЕВ